Наурыздың 16 күні №4 балалар кітапханасының әдемі безендірілген оқу залында №2 мектептің 4 сынып оқушыларына «Наурыз – көктем мерекесі» атты әдеби-музыкалық сағат өткізілді. Оған «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» атты инсталяция-көрме безендірілді.
Мақсаты: балаларды Наурыз мейрамы тарихымен таныстыру, өз елін мақтан тұту, өз халқының салт-дәстүрлерін біліп, құрметтеу.
Залда «Наурыз — думан» әуені орындалып тұрғанда балаларды кітапханашы Б.К.Кенжегалиева мен қазақ ертегілерінің кейіпкері Алдар Көсе (Мамбетова Л. С) құттықтау сөздерімен қарсы алды. Осы жерде Наурыз мейрамы қалай тойланатыны, ол мейірім, бақыт нұрын төккен мейрам, табиғаттың жаңару мерекесі, шығыс күнтізбесінде бұл жаңа жылдың басы екендігі айтылды. Дәстүр бойынша «Шашу» шашылды.
Оқушылар Наурыз, көктем туралы өлеңдер оқыды, түрлі ойындарға қатысып, сұрақтарға жауап берді, бауырсак пен тәттілерден ауыз тиді. Осы күні ренжіскендер татуласады, бір-біріне бақыт тілейді. Алдар Көсе мерекенің ең басты тағамы – наурыз-көже туралы айтты. Балалар оның құрамына нелер кіретінін айтты. Кітапханашылар «Ас атасы – нан» деп қонақтарға бауырсақ таратты. «Күн мен Түн» атты шағын көрініс көрсетілді. 22 наурызда күн мен түн теңеледі.
Балалардың көңіл күйлері көтеріліп, бір серпіліп қалды. Шара «Қара жорға» биімен аяқталды. Қатысқан 29 оқырман.