21 наурызда Мойылды ауылының көпшілік кітапханасы наурыз мерекесін өткізуге қатысты. Алдын ала ұйымдастыру комитеті белгіленді. Санаторий алдындағы алаңда төрт ауыл құрылды. Олар мынадай конкурстарға қатысуы керек болды: 1. Ауылды жабдықтау, дастарқан дайындау. 2. Ұлттық салттан көрініс. 3. Музыкалық нөмерлер орындау. 4. Ең дәмді наурыз-көже.
Алдымен №38 мектептің оқушылары концерт берді және әр адамның өзінің жеке музыкалық сәлемін жолдауына және құттықтауына мүмкіндік берілді. Жиналғандар мерекелік дастарқандағы палаудан, наурыз-көжеден, бауырсақтан, талқаннан, қоспадан және басқаларынан ауыз түйді. Әр ауылдың дайындаған тағамдары мен өнеріне қазылар алқасы баға берді. Оларға осындай игілікті ісі үшін кәде-сый берілді. Жыл басына арналған думанды шараға 100-ге тарта адам қатысты.