20 сәуірде №10 көпшілік кітапханасының оқу залында №17 мектептің 5 сынып оқушыларына «Кітапхана кеңістігін кеңейтеді» жобасы аясында Перизатпен сұхбат өткізілді. Ол жазушы Шарль Перроның ертегілеріне арналды. Шара оның «Золушка» ертегісінің сюжеті бойынша бейнебаянмен басталды. Шарль Перро оқушылар алдында белгілі адвокат, сәулетші, танымал ғалым, ақын, француз академиясының мүшесі, 68 жастағы егде адам бейнесінде көрінді.
Жазушының ертегілерінде неше түрлі қызықты оқиғалар, мейірімді Перизат та, арам ниетті мыстан да, ізгі жанды ханзада мен ханша да – бәрі де бар. Золушка өмірде зұлымдықты көп көрсе де, ақыры жақсылыққа кезігеді – оған ізгі ниетті Перизат келеді.
Шараны жүргізген кітапханашылар Ирина Васильевна Абрамова мен Наталья Ивановна Пихлик Золушкаға сипаттама беру үшін бірнеше конкурстар мен ойындар ұйымдастырды. Онда ертегі кейіпкерлерінің көбі қатысты. №17 мектептің оқушыларымен бірге №24 мектептің оқушылары — Таирова Милана, Аркашина Милана, Жолдаспек Адия, Павленко Милана, Тренина Белла да ертегінің мазмұнын ашуға ынтамен араласты. Ертегі негізіндегі ойын-сауыққа 35 бала қатысты.