Экологпен кездесу

18 сәуірде Павлодар қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі №8 көпшілік кітапханасының қызметкерлері Жер күніне орай Павлодар көлік және коммуникация колледжінің студенттеріне арналған экологпен кездесу өткізді.

Шараны жүргізген кітапханашы Надежда Николаевна Дьячкова студенттерге Жер күні мерекесінің тарихы туралы айта келіп, біздің ғаламшардың ғаламдық экологиялық проблемасына, сондай-ақ Қазақстанның экологиялық проблемасына және бүгінгі әлемдік қауымдастықтың экологиялық мәдениетіне тоқталды. БҰҰ «Экологиялық мәдениет» жетекші жобасының бірінде «ештеңеге зиян келтірмеу және жаһандық ойлау, жергілікті әрекет ету» Жер ғаламшарының барлық адамдары үшін міндетті екендігі айтылған. Жер бетіндегі тіршілік үшін адамзаттың алдында экологиялық мәдениеттің барлық негізгі құндылықтарын жаңғырту және сақтау ісі тұр. Іс-шара барысында кітапханашылар біздің өңіріміздің экологиялық проблемалары мен  келесі ұрпаққа табиғат сұлулығын сақтауға тырысу керектігі туралы айтты.

Бұдан кейін экология департаментінің экологы Мадина Ерлановна Бектаева «Павлодар қаласының экологиялық проблемалары туралы» баяндама жасады. Ол зауыттар қалаға қандай зиян келтіріп отырғаны, Ертістің проблемалары туралы айтты, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Мысалы, «Шалдай орманы қорыққа айнала ма?», «Бұрынғы химия зауытының орнындағы жиналған сынап құм асты суларына әсер ете ме және ол оқшауланды ма?» және тағы басқа.

Адам денсаулығы, қоршаған ортаның тазалығы – қоғам мен табиғаттың орнықты дамуының негізі, адамзат өркениетінің ұзақ сақталуының бірден-бір шарты, табиғат экологиясы мен адам экологиясы өзара тығыз байланысты. Бұл туралы кітапхана меңгерушісі Қатира Мажитовна Дүйсембекова әңгімеледі, «Табиғат – тіршілік тірегі» атты экология туралы кітаптар топтамасына шолу жасады. Іс-шара соңында Павлодар облысы туралы фильм көрсетіліп, викторина өткізілді.

Қорытынды: экологиялық проблемалар, ең алдымен, адамгершілік және жастардың азаматтық ұстанымына байланысты проблема; ортақ үйіміз – Жер ғаламшарында реттілікті орнатуымыз керек; жастарға экологиялық тәрбие беру, табиғатты болашақ ұрпақ үшін сақтау қажеттігін сезінуді тәрбиелеу ерекше маңызды. 50 адам қатысты.

Комментарии запрещены.