8 наурызға — поэтикалық караоке

6 наурызда поэтикалық караоке №34 балабақшаның жоғары тобында өтті және 8 наурыз мерекесіне арналды. Осы іс-шара аясында кітапхана өз жұмысын «Сәбилерді кітаппен достастыру» пилоттық жобасы аясында жалғастырды. Шараны кітапханашылар И.В.Абрамова мен Н.И. Пихлик жүргізді.

Әлемнің барлық елдерінде наурыздың 8-і аналарға, әжелерге, апа-сіңлілерге және тұтастай
алғанда барлық әйелдерге арналған мереке болып табылады. Барлық ер адамдар әйелдерге, аналарға, апа-қарындастарына, қыздарға сыйлықтар дайындайды және әйелдерге ерекше ілтипат көрсетеді. Мұның бәрі 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күні құрметіне.

Тәрбиеленушілердің барлығы дерлік аналарына өлең жолдарын дайындапты. Осылай поэтикалық караоке басталды — бәрі өлең оқыды. Олар- орыс, қазақ және тіпті ағылшын тілінде оқыды. Васильев Матвей тіпті анасының өзара келісе алмаған балаларын қалай татуластырғаны туралы әңгімелеп берді. Кішкентай әртістерді тыңдау өте қызықты болды. Поэзиялық караокені  кітапхана қызметкерлері жалғастырды. Олар З.Александрованың «Невидимка» атты өлеңі
бойынша қызықты жұмбақ ойын өткізді. Оның мазмұны жетектеуші сауалдар арқылы
толық ашылды.

Содан кейін Ирина Васильевна Э.Мошковскийдің «Реніш» атты өлеңін оқып, Наталья Ивановна балаларды Е. Благининаның «Тыныштықта отырайық» атты өлеңін еске түсіруге шақырды. Балалар бұл өлеңді өткен жылы жаттаған екен, бірден естеріне түсірді.

Әдеттегідей, кітапханашылар балаларға кітаптар сыйлады, олар ескі болса да
пайдалануға болады. Балаларға үйге тапсырма берілді — 8 наурыз мерекесінде
олардың аналарын ренжітпеулері және бүкіл отбасымен жақсы демалу ұсынылды.
Шараға 20 адам қатысты. 

19f3ae1fb4159213e.th.jpg 2.th.jpg

Комментарии запрещены.