«Ольга Григорьеваның өмірі мен шығармашылығы»

2024 жылы 14 наурызда № 4 көпшілік кітапхана №18 ЖОББМ кітапханасында жазушы, журналист Ольга Григорьеваның шығармашылығына арналған «Ольга Григорьеваның өмірі мен шығармашылығы» атты кездесу өткізді. Шара барысында кітапханашы ақынның өмірбаяны, шығармашылығы туралы ақпарат жеткізді. Келесі кезекте Ольга Григорьеваға сөз берілді. Оқушылар жазушының өлеңдерін оқыды. Жазушыға оқушылар тарапынан сұрақтар қойылды және кітапхана қорында сақталған шығармаларынан «Мен Сіздерге сыйлаймын, достар…» кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалынды.Шара соңында Ольга Григорьева кітапхана ұжымына сыйлыққа кітаптар табыс етті.

 

Комментарии запрещены.