Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі
Негізгі функциялары:
- Ақпараттық;
- Мәдени;
- Білім беру
Негізгі мақсаттары:
- Баспа және электронды басылымдардың,аудиовизуалды және өзгематериалдарды қалыптастыру, сақтау және қоғамдық пайдалануға ұсыну;
- Халықтың түрлі топтарының ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына қол жеткізуін қамтамасыз ету;жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, кәсіптік деңгейін арттыруына, саяси және құқықтық мәдениетті меңгеруіне жағдай жасау; өлкетану және экономикалық ағарту;
- Әлеуметтік-экономикалық жаңаруға, ғылымның, білімнің, Қазақстан Республикасын мекендейтін этностардың ұлттық мәдениетін, қоғамды рухани байытуға көмектесу; ғылым мен техника жетістіктерін, өмірдің түрлі саласындағы әлемдік тәжірибені тарату;
Бөлімнің жұмыс мазмұны:
- Оқырмандардың барлық санаттарына абонементте, оқу залында қызмет көрсету;
- Кітаптар мен өзге басылымдарды үйге беру;
- Кітаппен, мерзімді басылымдармен және залдағырепродукциялармен жұмыс істеуге мүмкіндік беру;
- Оқырмандардың сұраныстарын толық және жедел қанағаттандыруды қамтамасыз ету;
- Мәдени-бос уақыт іс-шараларын өткізу.
Бөлім қызметкерлері штаты – 9 адам.
Бөлім меңгерушісі:: Тыныбаева Карлыгаш Шариповна (тел. 53-02-81; cbs.oo@mail.ru)