«Жырмен өрілген өмір»

«Кешкі кітапхана» жобасы аясында Дүниежүзілік поэзия күніне арналған «Жырмен өрілген өмір» атты поэзия сағаты өтті. Поэзия — адам жанына әсер ететін, сезімді жеткізудің ерекше өнері. Ақындар өлең арқылы өмірдің қуанышы мен мұңын, адамдардың ойы мен толғанысын бейнелейді.
Қазақ поэзиясы — бай рухани мұра. Қазақ халқының ұлы ақындары өз шығармаларында халықтың рухын, тарихы мен арман-мақсатын жырлаған.
Аталмыш шараға «Сеніммен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының өкілдері, сондай-ақ Марғұлан университетінің студенттері қатысты.
Іс-шара барысында бірлестік қатысушылары ұлы ақындар — Мұхтар Шаханов, Фариза Оңғарсынова, Мұқағали Мақатаев, Қадыр Мырзалиевтің өлеңдерін, сондай-ақ өз шығармаларын оқыды.
Кеш қонақтарына «Поэзия — өмір айнасы» атты кітап көрмесі ұсынылып, «Қазақстан поэзиясы әлемдік кеңістікте» атты бейнеролик көрсетілді.

Комментарии запрещены.