13.10.2025 ж. Кенжекөл ауылдық көпшілік кітапханасында, қазақтың халық ақыны, әнші, әртіс, домбырашы, композитор Иса Байзақовтың 125 жылдығына орай «Жырларында найзағай жарқылы бар» атты әдеби сағатқа өткізілді. Мақсаты — оқырмандарды ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстыру, поэзия арқылы ұлт руханиятына қосқан үлесін дәріптеу, жастардың әдебиетке қызығушылығын арттыру және патриоттық сезім қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқырмандарға композитордың өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы кең көлемде мағлұмат берілді. Ақынның лирикалық, эпикалық шығармаларынан үзінділер оқылып, оның әдеби тіл шеберлігі мен поэзиядағы өзіндік қолтаңбасы туралы айтылды. Сонымен қатар, кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар ақынның кітаптарымен танысты.















