4 ақпанда Павлодар қаласындағы № 26 орта мектебінің 8-9-сынып оқушылары үшін «Жыр – жүрек үні» әдеби қонақжай кеші өтті. Іс-шара Павлодар қаласының ақын қызы Наталья Васильевна Борисовскаяның шығармашылығына арналды. Кітапханашы өз сөзінде: «Бұл әлемде ерекше жандар бар. Олар – ақындар. Өлең жазуды үйрену мүмкін емес, бірақ поэзияны түсініп, сезінуге әркімнің талпынысы жетеді», – деп атап өтті. Іс- шара бағдарламасында: Н.В. Борисовскаяның «Қазақстан –біздің ортақ үйіміз» өлеңінің Шафер мұражай-үйі әзірлеген «Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!» бейнеролигінен үзінді көрсетілді; «Наталья Борисовскаяның өмір жолы мен шабыт бастаулары» сұхбат өтті; Ақын өз сүйікті өлеңдерін оқып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді; «Менің Қазақстаным» бейнеролик ұсынылды. Әдеби қонақжай кеші оқушылар дайындаған «Шынайы жырларды оқи отырып» поэтикалық композициямен аяқталды.