Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледжінде ұлы қазақ ақыны, жыр алыбы, қоғам қайраткері Жамбыл Жабаевтің 180 жылдығына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – ақынның әдеби мұрасын насихаттау, студенттердің ұлттық мәдениетке және қазақ халқының рухани құндылықтарына деген құрметін арттыру. Бағдарлама аясында Жамбыл өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы, «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты кітап көрмесі және ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған презентация ұйымдастырылды. Студенттер қазақ әдебиетінің дамуына ақынның қосқан үлесі туралы баяндамалар жасап, оның шығармалары негізінде сахналық қойылымдар көрсетті. Сонымен қатар, ақынның патриоттық тақырыптағы туындылары мен азаматтық ұстанымына ерекше назар аударылды.
Іс-шара білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге және Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасына деген қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етті. Осындай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұлттық мәдениеттің көрнекті өкілдеріне деген мақтаныш сезімін тәрбиелейді.















