21 мамыр күні №3 көпшілік кітапханасында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған «Жүректер сыйлау, жақсылық жасау!» атты мерекелік іс-шара өтті. Қатысушыларды осы күнді мерекелеу тарихымен таныстырылды. Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған «Мәдениет – ұлттық құндылық» атты иллюстрацияланған кітап көрмесі бойынша шолу өткізілді. Оқырмандарға С. Асылбекұлының «Қазақ мәдениеті – қазақ мемлекеттілігінің жүрегі», А. Құлсариевтің «Қазіргі заман мәдениеті» кітаптары, мәдениет пен өнердің тарихи және заманауи даму мәселелерін ашатын «Қазақстандық мәдениеттің құндылық бағдарлары» авторлар ұжымы кітабы ұсынылды. Отандық мәдениет пен өнердің дамуына, рухани байлығымыздың еселене түсуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген барша мәдениет қызметкерлеріне зор алғыс айтамын.