«Кешкі кітапхана» жобасы аясында 17 қаңтар күні № 5 мектептің 3 «г» сынып оқушыларына арналған, жазушы-натуралист Н.И. Сладковтың 105 жылдығына орай «Жұмбаққа толы орман» әдеби сағат өтті. Іс-шара кітапханашының кіріспе сөзінен басталды. Ол әртүрлі тақырыпта жазатын жазушылар бар екенін айтты: біреулері балалар мен мектеп туралы жазады, басқалары түрлі елдерге саяхаттар жайлы баяндайды, ал кейбіреулері фантастикалық оқиғаларды ойлап табады. Сонымен қатар табиғат пен жануарлар туралы жазатын ерекше жазушылар да бар. Солардың бірі – биыл туғанына 105 жыл толған Николай Иванович Сладков. Бағдарламаға келесі шаралар енгізілді: «Дұрыс-бұрыс» ойыны; «Бала мен бақа» мультфильмін тамашалау; «Жазушының өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында әңгіме; «Николай Сладков» бейнеролигін көру; «Құстар ұшып келді…» ойыны; «Орман жұмбақтары» байқауы; «Орман әліппесі» жылдам ойыны; Сладковтың шығармалары бойынша шағын қойылымдар көрсету («Түлкі мен тышқан», «Түлкі мен кірпі», «Аю мен сауысқан»); «Егер сен мейірімді болсаң…» әнін бірге орындау; Сладковтың «Орман ертегілері» кітабына виртуалды шолу; «Николай Сладковтың ғажайып әлемі» онлайн-викторинасы.