«ЖИТС-қауіпті ауру»

3 желтоқсан күні жоғары электроника және коммуникация колледжінің студенттері үшін Халықаралық ЖИТС — пен күрес күніне арналған «ЖИТС-қауіпті ауру» дөңгелек үстел өткізілді. Павлодар облыстық ЖИТС–тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының педагогы Құралай Ертайқызы Бараисова жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромының жұқпалы аурулары туралы; облыста ЖИТС-пен күрестің алдын алуға бағытталған акциялар туралы; адам ағзасында АИТВ-инфекциясы қалай дамитыны және осы аурудың соңғы сатысы туралы айтып берді. Іс-шара спикері осы қауіпті ауруды болдырмау үшін бірнеше негізгі ережелерді сақтау керектігін атап өтті. Алынған ақпаратты бекіту үшін әлеуметтік бейнеролик көрсетілгеннен кейін студенттерге сұрақ-жауап ұсынылды; ойын түрінде Қауіпсіздік бағыты мен «Жазу жаттығуы», «Кроссворд» тренингтерін өткізді, АҚТҚ/ЖҚТБ-ның құқықтық аспектілері де қозғалды. Қатысушыларға АИТВ/ЖИТС алдын алу үшін дайындалған «Сіздің денсаулығыңыз-сіздің қолыңызда» ақпараттық буклеттері табыс етілді және «ЖИТС – қауіпті ауру» кітаптарына шолу жасалды.

Комментарии запрещены.