№ 21 ЖОББМ 6-сынып оқушылары үшін «Кешкі кітапхана» жобасы аясында ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Қанидің 70-жылдығына арналған «Жерлестеріңді біл және есіңде сақта» атты әдеби кеш өткізілді. Шара барысында жүргізуші ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндап, кітап көрмесімен таныстырды. Арман Қани ақынның шығармашылығы – қазақтың баға жетпес байлығы. Шығармашылықтың қайталанбас жолынан өткен дарынның жарқын бейнесі халық жадында мәңгі сақталады.