18.12.2024 ж. Павлодар қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастырумен TEDx форматында (диалог пен еркін пікір алмасу) іс-шара өтті. Тәуелсіздік – біздің азаттық тарихымыздың алғашқы парағының бірі. 1986 жылғы оқиғалар – қазақ халқының тәуелсіздікке деген ерік-жігерінің айқын көрінісі екенін білеміз. Бұл қозғалыс ұлттық сана-сезімнің оянуына, қоғамдық өзгерістерге алып келген алғашқы қадамдардың бірі болды. Міне, осындай Қазақстанның тәуелсіздігі тарихындағы ерекше орын алатын Желтоқсан оқиғаларына байланысты Ә. Мрғұлан атындағы Павлодар Педогогикалық университеті мен Ақпарат технологиялық колледжі студенттеріне «Желтоқсан жүрегімде» атты кездесу кеші өткізілді. Кеште, тарихи оқиғаларды еске ала отырып, желтоқсаншылардың қазіргі Қазақстанның тәуелсіздігіне қосқан үлесін талқылаған маңызы бар кездесу болды. Шара алдымен Желтоқсан оқиғаларының хронологиясы мен маңызын көрсететін «Желтоқсанның тәуелсіздік жолындағы рөлі» атты қысқаша бейнефильм көрумен басталды. Бұл бейнефильм сол жылдардағы оқиғалардың атмосферасына қайта оралып, сол күндердің тарихи мәнін сезінуге мүмкіндік берді. Қатысушылардың баяндамаларында сол оқиғалардың әсері тереңірек ашылды. А. Зейнулина «Желтоқсан оқиғасының маған әсері және тәуелсіздік жолындағы күрес», Г. Омарова «Қоғамдық санадағы өзгерістер: Желтоқсанның тарихи сабағы», Б. Шәнім «Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы жастардың рөлі», Ы. Шақаман «Желтоқсан және қазіргі жастардың жауапкершілігі» атты баяндамаларында өздерінің ойларын ортаға салып, желтоқсаншылардың өмірлері мен тағдырларына қалай әсер еткенін, бұл оқиғалардың қоғам мен елдің саяси дамуына ықпалын, Желтоқсан көтерілісінің тек тарихи оқиға ғана емес, сонымен бірге еліміздің рухани жаңғыруы мен ұлттық бірлігін қалыптастырудағы шешуші кезең болғандығын атап өтті. Сонымен қатар, барлық қатысушылар мен тыңдаушылар өз пікірлерімен бөлісіп, сұрақтар қойып, жауап алды. Желтоқсан оқиғаларының тарихи маңызын тағы бір рет түсініп, оның біздің өміріміздегі орнын бағалай алдық. Бұл күн тек өткенді еске алу ғана емес, сонымен қатар болашаққа ой тастайтын уақыт екені де айқын болды. Шарада «Құс қанат ғұмыр» жас ақындар клубының белсенді мүшесі Жәнібек Есенгелді арнау-өлеңін оқумен қатар, «Тәуелсіздік таңы» патриоттық әнімен аяқталды.