«Жазушы және аудармашы»

Ұлттық кітап күні қарсаңында 18 сәуір күні №2, №43 орта мектептің 4-сынып оқушыларына жазушы, журналист, аудармашы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Серік Қинаятұлы Сатыбалдиннің 75 жас мерейтойына арналған «Жазушы және аудармашы» атты әдеби кездесу өтті.
Серік Қинаятұлы Сатыбалдин Лебяжі ауданында Қызылқоғам аулында дүниеге келген. Ауыл мектебін, Семей педагогикалық институтын бітірген. Аудандық газетте аудармашы, мектеп директоры, аумақтық инспекцияның бас маманы болып жұмыс істеді. Серік Қинаятұлы әдеби аудармамен айналысады. Ол орыс, шетел жазушыларының: Г.Х. Андерсен , И. Бунин, К. Паустовский, А. Усачев, Р. Киплинг және т. б. шығармаларын қазақ тіліне аударды. Жазушы және аудармашы Серік Қинаятұлы балалармен әңгімелесу барысында кітап оқудың маңыздылығы туралы айтты. Ол ұлы ағартушы А. Құнанбаев туралы айтып берді, жазушы Ш. Айтматов, жерлес академик, философ Ғ. Есім және т. б. еске алды, осы адамдардың барлығы әдебиетке үлкен үлес қосты. Оқушылар қонақты қызығушылықпен тыңдап, әңгімелесті, «Шыншыл бала» кітабымен танысты. Бұл кітап балалар мен ересектерге арналған «Шыншыл бала» кітабындағы балалар «Глобус тұралы толғаныс» өлеңін оқыды. Содан кейін автормен бірге бұл өлең мен адал бала туралы шағын әңгіме талқыланды, шығармалардың негізгі идеясын анықтады, кітап пен оқу туралы мақал-мәтелдерді тыңдады. Оқушылар жазушы оқыған жұмбақтарды шешуге белсенді қатысты. Серік Сатыбалдиннің әдеби аудармалары, өлеңдері мен мақалалары республикалық газеттер мен журналдарда жарияланады. Тақырыптық сөреде Серік Қинаятұлының шығармалары басылып шыққан «Ақ желкен», «Балдырған» журналдары мен кітаптары ұсынылды. Кездесу жайлы, достық атмосферасында өтті.

 

Комментарии запрещены.