17 мамырда №8 көпшілік кітапханасы №23 мектептің 9 «а» сынып оқушыларына славян жазбасы мен мәдениеті күніне орай «Жазба бастауларында» ақпарат сағатын өткізді.
Жүргізуші кітапханашы Надежда Николаевна Дьячкова оқушыларға бірлесіп кітап жасаушы ағайынды Кирилл мен Мефодий бұдан мың жылдан аса уақыт бұрын алғашқы славян әліпбиінің авторы болғандығы, қазіргі уақытта барлық қолданыстағы тілдердің оннан бір бөлігінде кириллица негізіндегі жазба бар екендігін айтты. Әлем өркениеті тарихында әліпби түзу адамзат ақыл-ойының ең үздік жетістіктерімен қатар тұр. Славян жазбасы Көне Русьтің мемлекеттік іргетасын нығайтуға, шығыс-славян тайпаларын бірегей орыс халқына біріктіруге, ал тайпалық диалектілерді бірегей тілге айналдыруға ештеңемен салыстыруға келмейтін рөл атқарды.
Осылармен бірге славян жазбасы мен мәдениетінің мерекесі жыл сайын орыс мәдениетінің бастауларына назар аударуымызға, жалпы тарихтың анағұрлым маңызды беттерін бұрынғыдан да қызыға оқуға, жазба інжу-маржанынан, славян халықтарының кітаптық, бейнелеушілік және музыкалық өнерінен тағы да сыр тартуға мүмкіндік береді. Болгарияда бұл мереке жүз жылдан аса уақыт, ал Қазақстанда 1986 жылдан бері аталып өтілуде.