12 тамыз күні №3 көпшілік кітапханасында Халықаралық Жастар күніне орай «Жастық шақ — керемет» жасөспірімдер кеші өтті. Мақсатымыз, жастарды өз өміріне, ойы мен сөзіне, өз жолын дұрыс тандаған адамның болашағы жарқын, мақсаты айқын болатындығын ұғындыру. Қатысушылар шығармашылық және ойын тапсырмаларын орындады, «Жалындаған жастық шақ» тақырыбында әңгіме жазды, әдебиет пен психология бойынша кітаптар талдап, өз пікірлерімен бөлісті. Жастар белсенділік танытып, кеш көңілді өтті. «Жастар — біздің болашағымыз» кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.