«Жасөспірім және заң»

17 қараша, №43 мектептің 11-сынып оқушылары үшін кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігінің нысандары туралы хабардар етуге бағытталған «Жасөспірім және заң» пікірталас — диалогы өткізілді. Балалар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы, жазаның қандай түрлері бар және «құқық бұзушылық», «қылмыс» деген не екенін біліп, ҚР негізгі құқықтық құжаттарымен танысты. Олар сондай-ақ бірнеше құқықтық тапсырмаларды талдап, «Мен заңдарды білемін» викторинасының сұрақтарына жауап берді. Іс-шарада оқушылар заң алдындағы және айналасындағы адамдар алдындағы іс-әрекеттері үшін жауапкершілік туралы тағы бір рет ойлануға мүмкіндік алды.

 

Комментарии запрещены.