14 шілде күні орталық жағажайда Қала күні шеңберінде, «Кітап әлемі» фестивалі аясында № 2, 4 балалар кітапханаларының қызметкерлері жас қаламгерлерге арналған библиобешін өткізді. Мақсаты: қала күнін тойлау аясында, «Кітап әлемі» фестивалі шенберінде, танымдық-ойын түрінде тұрғындарды кітап оқуға, кітапханаға тарту, мереке сыйлау; кітапхананың қызмет көрсету аясын кеңейту. Жүргізушілер — № 2, 4 балалар кітапханаларының қызметкерлері Гүлбану Кеңесбаева және Ботагоз Кенжегалиева көңілді клоундардың костюмдарын киіп қала тұрғындарын мерекемен құттықтады. Әдеби викториналарға белсенді қатысуға барлықтарын шақырды.
Мереке шымылдығын №43 мектептің оқушысы Плитко Марина «Туған жердей жер болмас» әнімен ашты. Осы мектептің түлегі Потапенко Ярослав туған жерге, туған елге өз өлеңдерін арнады. Ол — Москва, Санкт-Петербург, Қазан, Павлодар қалаларында өткізілген Халықаралық және өңірлік әдеби сайыстарының талай мәрте жеңімпазы. Өзі жазған «Дом над Иртышом», «Мой Павлодар», «Родной город» атты өлеңдерін оқыды.
№ 43 мектеп 6 сыныбының оқушысы Москва, Павлодар қалаларында өткізілген Халықаралық және өңірлік әдеби сайыстарының төрт мәрте жеңімпазы Потапенко Артур Потапенко Ярослав жазған «Моя земля» өлеңін мәнерлеп оқыды. Рыспаева Адина, Плитко Марина, Лебедев Саша Астананың 20 жылдығына арналған өлеңді оқыды. Нигматулина Арина И. Денисованың «Песнь о Павлодаре» атты өлеңін оқып берді. Кейін жүргізушілер Павлодар қаласының ескерткіштеріне, танымал адамдарына арналған «Ескерткіштер панорамасы» атты сұрақ-жауап ойынын өткізді. Жауаптар суреттермен сүйемелденді. Осы мектептің оқушысы Рыспаева Адина домбырада «Нар ағаш» күйін орындады.
Салтанатты түрде «библиобешбармақ» тағамы ортаға шығарылды. Ағаштан жасалған табақта ою-өрнекпен безендірілген қағаздар орналасты. Парақтың сыртқы бетінде қазақ, орыс, шетел ертегілері және әдеби шығармалары бойынша құрылған сұрақтар мен жұмбақтар жазылды. Ниет білдіргендер сұрақтарды алып, жауап берді. Сонымен қатар кітапханашы Любовь Павловна Корюкина газетке оралған кітаптарға толы «Құпия кітаптарды оқы» сиқырлы себетін дайындады. Мереке аяқталғанда осы кітаптар ең үздік, ең белсенді қатысушыларға таратылды. Шараға 100 адам қатысты.