Жас оқырмандар кітапханамен танысты

10 ақпанда №10 көпшілік кітапханасының оқу
залында №24 мектептің 3 сынып оқушыларына кітапқа арналған шара болып өтті.

Шараны жүргізген кітапханашы Наталья Ивановна Пихлик кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы айтты. Кітап – адамзат ойлап тапқан кереметтің бірі. Ол адамның бала кезінен өмірінің соңына дейінгі досы болуы керек. Ол білім атты ғажайып елге бастайды. Онда өміріміздің қамтылмаған саласы жоқ. Балалар кітап жаймасындағы түрлі басылымдарды көріп, қызыға әрі таңдана аударыстырды. Оларға әсіресе 3D форматындағы кітаптар қатты ұнады.

Балалар кітапхананың үйдегі, ғылыми, техникалық, мектептік, ауылдық, қалалық және балаларға арналған түрлері болатынын білді. Олармен өткізілген шағын викторина кеңінен тараған ертегілерге арналды. Кітапханашы абонемент, оқу залы туралы айта келіп, алуан тақырыптағы көрмелер мен сөрелерге тоқталды.

Балалар кетерінде бос уақытында осында келіп, кітап алатынын және үстел ойындарын ойнайтынын жарыса айтып жатты.
Кітапханаға 11 оқушы келді. 

BIBL-1.th.jpg BIBL3.th.jpg

Комментарии запрещены.