5 наурыз күні №2 балалар кітапханасының қызметкерлері Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл (1995) толуына арнап «Жарысса, достық жарыссын!» атты ақпарат сағатын өткізді. Іс-шараға «Жас Толқын» балалар-жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері белсене қатысты.
Кітапханашының кіріспе әңгімесінен балалар этнос, диаспора, этносаралық қатынас-Қазақстандағы бірлік пен берекенің басты кілті екенін естіді.
Қазақ халқы мемлекет құраушы ұлт ретінде басқа да ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін, тарихын сақтауына барлық жағдайды жасап отырған бірден бір ел.
«Жас Толқын» клубының тәрбиеленушілері мен ұстаздары өз өнерлерімен бөлісті:
— Орыс халқының киімін киіп, негізгі тағамы-блины туралы ақпарат айтып, «Калинка» биін билеп, балаларды «Ручеек» ойынын ойнатып, Лухманова Ольга Анатольевна көңілді көтерді.
— Ингуш биі «Лезгинкамен» Местоев Алихан деген жігіт шықты.
— Армян халқының тағамдарымен, ұлттық киімімен Погосян отбасы таныстырды.
— Қазақтың «Қара жорға» биін «Айналайын» қазақ тілі үйірмесінің балалары биледі, ал мұғалімдері Абдуллина Гүлжанат Қайроллақызы бидің шығу тарихын айтып берді.
— Вокалдық тобының қатысушылары Аманова Аида мен Кромер Кира өз әндерімен қуатты. Жетекшілері: Күлжанова Әсел Қамитқызы.
Барлық қатысқандарға Алғыс хат берілді.
Атаулы дата шеңберінде елімізде сан түрлі шаралар өтеді.
«Бірлік болмай- тірлік болмас» дегендей еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.