«Жануарлар мен құстар туралы»

22 желтоқсанда оқушылары үшін «Жануарлар мен құстар туралы» атты қызықты да танымдық саяхат өткізілді. Балалармен бірге ормандарды, далаларды және аспанды аралап, жануарлар мен құстардың алуан түрлілігімен таныстық, олардың ерекше әдеттері мен планетамыздың экожүйесіндегі маңызы туралы білдік. Оқушылар «Сипаттама бойынша жануарды тап» атты викторина сұрақтарына белсенді жауап беріп, ойындарға қатысты. Оқушылар орман және үй жануарлары туралы қызықты деректермен танысып, олардың мінез-құлықтары мен тіршілік ету ортасы жайлы ақпарат алды, табиғат туралы кітаптардан үзінділер тыңдады.

Комментарии запрещены.