3 желтоқсан күні № 2 балалар кітапханасының қызметкерлері Халықаралық мүгедектер күніне арнап «Жан шуағы» мейірімділік сабағын дайындады.
Кітапханамыздың аула сыпырушысы Степаненко Тарас жайлы ақпарат берілді. Жыл басынан Павлодар облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығынан біздің кітапханамызға жіберілген 2-ші топтағы мүгедек Тарастың жетістіктері жайлы айтылды. Тарас Степаненко денсаулығы мәселелеріне қарамастан «Тоғызқұмалақ» қазақ ұлттық ойынымен айналысады. Қалада да, одан да тыс жерлерде де өткізілетін дойбы, шахмат, теннис бойынша турнирлерге бірнеше рет қатысты. Тарас Баян-Өлгей қаласындағы (Монголия) көру органдары бұзылған спортшылар арасында тоғызқұмалақтан халықаралық турнирге қатысқан үшін 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.