2025 жылғы 16 қазан күні Қ. Әбусейітов атындағы Мәдени сауық орталығында Павлодар қаласы мектептерінің бастауыш сынып оқушылары арасында балалар жазушысы, ақын, журналист Мүбәрак Жаманбалиновтың шығармашылығын насихаттауға бағытталған «Жаманбалинов оқулары» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға барлығы 29 оқушы қатысты. Іс-шараны Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, М. Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасы және Павлодар қаласының білім бөлімі бірлесіп ұйымдастырды. Байқау үш кезеңнен тұрды: Бірінші кезеңде қатысушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқыды; Екінші кезеңде М. Жаманбалиновтың поэтикалық ертегілері бойынша шағын сахналық көріністер қойылды; Үшінші кезеңде оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді. Қазылар алқасының құрамы: Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту секторының бас маманы Кайсарова Мира Тулековна; Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді дамыту секторының меңгерушісі Нұғыман Мейрам Төлегенұлы; Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Павлодар облысының Құрметті азаматы, ақын Байғалы Шолпан Байғалықызы;Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, аудармашы, Аққулы ауданының Құрметті азаматы, «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Сатыбалдин Серік Қинаятұлы.
Байқау қорытындысын шығару барысында қазылар алқасы оқылған өлеңдердің мазмұнына, көркемдік деңгейіне, сахналық көріністердің жан-жақты ашылуына, сондай-ақ оқушылардың ой-өрісі мен тапқырлығына ерекше назар аударды. ІІІ — орын – — № 26 мектептің 1 сынып оқушысы Жүнісова Зере берілді. ІІ- орынды — № 7 мектептің 3 сынып оқушысы Баянбек Іңкәр иеленді. І- орынға Қ. Бекхожин атындағы 3 сынып оқушысы Ерболұлы Ерасыл ие болды. Бас жүлде кубок және Диплом № 25 мектептің 2″А» сынып оқушысы Қабылқан Әлиасқар жеңіп алды.
«Мықтылардың мықтысы» аталымы бойынша бойынша № 38 мектептің 3 сынып оқушысы Мұратбек Еркежан берілді.
«Жауқазын» аталымы бойынша М. Жүсіп атындағы мектептің 3 «Г » сынып оқушысы Аймырзақызы Айша, жеңімпаз атанды.
«Балғын гүлдей балақан» аталымын № 48 мектептің 2″А» сынып оқушысы Авилхасым Әлихан иеленді.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды, ал қалған барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

















