12 тамыз күні кітапхананың тұрақты оқырмандары үшін халықаралық жастар күніне арналған «Жалынды жастар – Қазақстанның жарқын болашағы» атты жедел ақпарат өткізілді. 1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы жастар істері министрлерінің дүниежүзілік конференциясының 12 тамызда Халықаралық Жастар күні деп жариялау туралы ұсынысын қолдағаннан кейін 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасында Халықаралық Жастар күні атап өтілетіні туралы кітапханашы қысқаша айтып өтті. Оқырмандарға «Жалынды жастар – Қазақстанның жарқын болашағы» атты фотосуреттер мен кітап көрмесі ұсынылды.