29 тамыз күні Конституция күніне орай кітапхана оқырмандары үшін «Заң патшалығына саяхат» құқықтық алаңы өткізілді. Конституция – мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен демократиялық құндылықтарын айқындайтын басты құжат. Кітапханашы балаларға Негізгі Заңның мемлекеттік маңызы, құрылымы мен әрбір адамның өміріндегі рөлі туралы айтып берді. Іс-шараға қатысушылар балалардың құқықтары мен міндеттері туралы негізгі құжаттармен танысып, «Мен — азаматпын» викторинасының сұрақтарына жауап берді, «ҚР Конституциясының» жеке баптарын оқыды, «Өз құқықтарынды біл» ойынына белсене қатысты, көрмедегі кітаптарды тамашалады. Балалар Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы көп мағлұмат алды, өз Отанының лайықты азаматы болу үшін заңдарды білу, адамдарды бағалап, құрметтеу, туған елін сүю, оның байлығын аялай білу керектігін түсінді.