«Заманның заңғар тұлғасы»

21 тамыз күні Д. Әбілев атындағы көпшілік кітапханасы мен Кенжекөл ауылдық көпшілік кітапханасының ұйымдастыруымен «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы аясында Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Заманның заңғар тұлғасы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Шараға «Ақсақалдар тағылымы» ҚБ мүшесі Қ. Ерғалиұлы, музыкалық және медициналық колледждің студенттері, №17, 25, 37 мектебінің, Ы. Алтынсарин атындағы облыстық дарынды балаларға гимназия-интернатының, М. Әлімбаев атындағы орта мектептің және Кенжекөл ауылының мектеп оқушылары қатысты. Әдеби кеш барысында ақынға арналып арнау оқылды. «Ақсақалдар тағылымы» ҚБ мүшесі Қайырлы Ерғалиұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты қысқаша баяндама жасады. Кенжекөл ауылының «Ертіс толқыны» әжелер ансамбілі, музыкалық колледждің студенті Ғазиз Сержанұлы және Ақжан Ардагелдіқызының орындауында ән-шашулар көрермен назарына ұсынылды. Оқушылар жазушы шығармаларынан өлеңдер, нақыл сөздерді оқыды. Шараның ең кішкентай қатысушылары күмбірлеген күйлерін шертіп, мың бұралған билерін билеп белсенділік танытты. «Әбіш әлемі» кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалынды. Әдеби кешке қатысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

Комментарии запрещены.