«В гостях у дедушки Крылова»

14.06.2024ж. С. Торайғыров атындағы № 39 ЖОББ мектеп жанындағы лагерь балалары үшін ақын, мысал жазушысы А. С. Крыловтың 255 жылдығына орай «В гостях у дедушки Крылова» атты танымдық сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар ұлы жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы, оның өмірінің кейбір қызықты жәйіттерімен, өшпес мұра болып қалған шығармаларымен және «Мудрый баснописец» атты кітап көрмесімен танысты. Іс-шара қызықты түрде өтті: балалар әдеби викторинаның сұрақтарына жауап бере отырып, мерейтой иесі мысалдары туралы білімдерін тексерді, мысалдардың кейіпкерлері туралы жұмбақтарды шешуде өз күштерін сынап көрді, «Жұбын тап», «Қанатты сөздерді яқта», «Сөйлемді түсіндір» байқауларына белсенді қатысты, «Тауып көр» ойынында балалар суреттер бойынша мысалдарды, сөзжұмбақтарды шешіп, қызығушылықпен сурет бойынша пазлы жинап, автордың сүйікті мысалдарын жатқа оқыды. Шара соңында балалар И. А. Крыловтың мысалдары негізінде түсірілген мультфильмдерді тамашалады.

 

Комментарии запрещены.