«Үздік оқырман» байқауы

YouTube player

Жалпы ережелер

  • Үздік оқырманға арналған «Үздік оқырман» байқауын «Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ өткізеді.
  • Барлық кезең бойы белсенді оқырман іс-әрекеті бақыланып,  есеп жүргізіледі.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері

  • Кітап пен кітапхананың беделін арттыру, халық арасында оқуды насихаттау.
  • Кітапханаға жаңа оқырмандарды оқуға тарту, оқуға деген қызығушылықты ынталандыру.
  • Қазақстан әдебиетінің үздік шығармаларын насихаттау және алға бастыру.
  • Қала кітапханаларын насихаттау.

Конкурсты өткізу мерзімдері

  • Байқау 2 кезеңде өткізіледі.
  • Бірінші кезең 2022 ж.12.04. бастап 2022 ж.01.09. дейін жүйенің барлық филиалдарында өткізіліп, формулярларды есепке алу бойынша жеңімпаздар екінші кезеңге өтеді;
  • Екінші кезең 2022 ж.01.09.бастап 2022 ж.15.09 дейін бірінші кезең жеңімпаздары арасында әңгімелесу түрінде өткізіледі.

Конкурс шарттары

  • Байқауға қала кітапханаларына баратын және өз отбасы мүшелерін оқуға тартатын барлық оқырмандар қатыса алады.
  • Жассанаттары:  7 жастан 15 жасқадейін;  16 жастан жоғары.
  • Қазақстандық авторлардың оқыған кітаптарының, мемлекеттік тілдегі кітаптардың, мерейгер-жазушылардың кітаптарының, жыл кітаптарының саны ескеріледі.

Байқау қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау

  • Қазылар алқасы қорытындысын шығарады.
  • Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтар мен марапатталады.
  • Жеңімпаздарды марапаттау ОҚК — да өтеді.
  • Жеңімпаздар туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланады.

 

Байланыс телефондары:

(87182) 53-45-25, 87077517238.

Карлыгаш Шариповна

Комментарии запрещены.