«Ұмытыла бастаған салт-дәстүрлер»

2025 жылдың Наурызнама онкүндігі шеңберінде 17 наурыз- Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне арнап №2 балалар кітапханасының қызметкерлері «Ұмытыла бастаған салт-дәстүрлер» атты фольклорлық сағатын дайындады.
Салт-дәстүрлер-қазақ халқы мәдениетінің терең тамыры мен рухани байлығының ажырамас бөлігі.
Осы күні келген оқушыларға кітапхана оқырманы Ырымды апа ұмыт болған «Иткөйлек кігізу дәстүрі» туралы қызықты мағлұмат айтты.
Иткөйлек-жаңа туған нәресте қырқынан шыққанша киетін ғұрыптық көйлек.
Иткөйлекті баланы пәле-жаладан қорғасын деп ырымдап кигізген. Сәби жақсы өссін, ғұмыр жасы ұзақ болсын деп иткөйлекті кең етіп тіккен.
Кейде иткөйлекті көпті көрген, көп жасаған адамның киімінің қалдығының да тігеді.
Сонымен қатар балалар ұмыт болған «Ит қуу » дәстүріне қатысып, тәттілерден дәм татты.

Комментарии запрещены.