16 шілде күні Орталық қалалық кітапханада көрнекті филолог — ғалым, филология ғылымдарының докторы — Шәмшиябану Қанышқызы Сәтбаеваның 95-жылдық мерейтойына орай «Ұлының ұрпағы-ғылымның тұлпары» ақпараттық сағаты өтті. Оның қазақ әдебиетінің тарихы, әдеби байланыстардың дамуы, Ш, Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы, А. Байтұрсынов және басқа да қазақ әдебиетінің негізін қаулаушылар туралы жүргізген зерттеулері отандық ғылымның классикасына айналды. Іс-шараға №6679 әскери бөлімінің қызметкерлері қатысты. Олар танымал ғалым Қ.И. Сәтбаев қызының өмір-тарихымен танысты. Іс-шара барысында кітапханашылар Шәмшиябану Сәтбаеваның ғылыми жетістіктеріне және оның филология саласындағы Қазақстан ғылымына қосқан үлесіне назар аударды. Шәмшиябану Қанышқызы көптеген ғылыми мақалалар жариялады, сонымен қатар қазақ және орыс тілдерінде «Светлый мир», «Свет очага», «Абикей Сатпаев», «Из разных лет» және басқа да кітаптар жазды. Іс-шара қатысушыларына кітап көрмесі ұйымдастырылды.