2026 ж. 16 наурызда Павлодар қ. Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне «Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!» атты кітапхана сабағы өткізілді. Балаларға Наурыз мерекесінің тарихы мен маңызы туралы қызықты мәліметтер айтылды. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары таныстырылды. Қатысушылар Наурыз мерекесіне байланысты кітаптармен танысты. Балалар ұлттық ойындар мен дәстүрлер туралы сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар мерекеге байланысты мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер, өлең жолдары оқылды. Кітапханашы Наурыздың достық пен бірліктің мерекесі екенін түсіндірді. Қатысушылар іс-шараға белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті. Кездесу балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
















