2021 жылы 9 тамызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты әдеби сағаты онлайн форматта жарияланды. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.