15 қыркүйек күні 11 сынып оқушыларына «Кешкі кітапхана» жобасы аясында жерлесіміз, ақын, суырыпсалма ақын, композитор Иса Байзақовтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы даланың түйіні» атты әдеби-музыкалық сағаты өткізілді. Кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді. Оқушылар Ертіс ауданында өткен ақынның мерейтойын мерекелеу туралы бейнеролик, ақынның өз орындауындағы сирек кадрларды, И.Байзақовтың «Гәкку» әні орындалған «Қыз-Жібек» фильмінен үзінді тамашалады. Балалар Иса Байзақовтың кітаптарымен танысып, «Жастар», «Өнер», «Түрксіб» өлеңдерін оқып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап берді.