25 сәуір күні №43 орта мектептің акт залында 6-сынып оқушыларына арналған «Ұлы адамның өмірі» әдеби-поэзиялық сағат өткізілді. Іс-шара Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына орай. Мерекелік шараны мектеп кітапханашысы ашып, болашақ ақынның өмір жолы, шығармашылықтағы алғашқы қадамдары, ірі газет-журнал редакцияларындағы қызметі туралы баяндап берді. Осы сәтте «Тұманбай Молдағалиев – 90 жыл» бейнеролик көрсетілді. Одан кейінгі бағдарламада: «Менің Отаным – Қазақстан» бейнебаянының көрсетілімі; «Партбилет» өлеңін Т.Молдағалиевтің өзі оқитын деректі видео; оқушылар дайындаған «Молдағалиевті оқи отырып» поэтикалық композиция; ақынның сөзіне жазылған «Құстар әні», «Жан досым» және «Наурыз» әндері; «Ұлы ақынның өмірінен 10 дерек» экспресс-ақпарат ұсынылды. Іс-шара соңында оқушылар «Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған репортаж» бейнебаянын тамашалады.