14 қараша күні №3 балалар кітапханасының қызметкерлері №21 ЖОББМ 8-сынып оқушылары үшін биыл туғанына 190 жыл толып отырған қазақтың атақты әнші-композиторы Жаяу Мұса Байжанұлына арналған «Тума талант, дархан дарын» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға Жаяу Мұсадан қалған мол өнер мұрасы, оның өмір жолы, азаматтық ұстанымы туралы мағлұмат берілді. Шарада саз өнерінің дамуына қосқан үлесі мен ел мәдениетіндегі орны да кеңінен айтылды. Оқушыларға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, композитор жөніндегі әдебиеттер таныстырылды.















