«Туғаннан бастап құқығымыз бар»

2025 жылдың 17 қыркүйегінде Павлодар облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің 8 » Б» сынып оқушыларының қатысуымен «Туғаннан бастап құқығымыз бар» атты пікірталас сағаты өтті. Кітапханашылар балаларды адам құқықтары туралы халықаралық құқықтық құжаттардың, «Бала құқығы туралы конвенцияның» құрылу тарихымен және негізгі ережелерімен таныстырып, адам құқықтарының бұзылуы жағдайларын және оларды қорғау жолдарын қарастырды. Кездесу барысында құқық бұзушылық туралы «Жасөспірім және оның құқығы» атты бейнеролик көрсетілді. Іс-шараның мақсаты – балаларды құқық ұғымымен таныстыру, олардың құқықтары мен міндеттерімн танымтыру. Алған білімдерін бекіту үшін оқушылар «Құқықтық сауалнама» тақырыптық викторинасына белсенді қатысты. Балалар жарыстарға белсене қатысты. Әдебиет кейіпкерлерінің құқықтарының бұзылуына қатысты сұрақтарға жауап беріліп, құқықтық нормалар мен ұғымдар бойынша білімдері тексеріліп, заң бұзылған жағдайларға түсініктеме беру ұсынылды. Іс-шара жасөспірімдерге өз құқықтары туралы көбірек білуге және көптеген мәселелер туралы ойлануға мүмкіндік берді.

Комментарии запрещены.