14 қыркүйекте туған ауыл өзінің 110 жылдығын атап өтеді. Осы мерейтойды мерекелеу аясында 11 қыркүйек Павлодар қаласының құрметті тұрғыны, кенттік кеңестің бұрынғы төрағасы Ыбрай Зейкенұлы Кәрібаевпен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Ыбрай Зейкенұлы Атамекен кентінің тарихы туралы айтып, кенттің өткені мен бүгінгі болашағы туралы ой қозғады. Оқушылар қойылған сұрақтарына толық жауап алып алғыстарын білдірді. Кездесу көңілдерінен шығып жылы әсер қалдырды. Балалар келген қонаққа музыкалық нөмірлерін ұсынып өз өнерлерін көрсетті.