22 қаңтарда Мойылды ауылы көпшілік кітапханасының оқу залында
«Мудрость» клубының мүшелерімен Павлодар облысының құрылғанына 80 жыл толуына
арналған өлкетану сағаты өткізілді.
Оқырмандарды «Павлодар облысына 80 жыл» атты кітап көрмесі қарсы алды. Онда
Қазақстанның санаторийлері мен шипажайлары, өңір тарихы туралы кітаптар
қойылды.
Шараны жүргізген кітапханашы Екатерина Васильевна Оспанова келген
қонақтарға 2018 жылы атқарылатын айтулы оқиғалар, атап айтқанда, Павлодар
облысының 80 жылдығы, «Рухани жаңғыру», «Туған жер» бағдарламалары мен
Елбасының халыққа Жолдауы аясында туындайтын маңызды іс-шаралар туралы айтып
өтті.
«Мойылды» санаторийінің ардагері Сәния Кәрімқызы Ғалымова өз сөзінде осы
жердегі тұзды көлдің, батпақ пен рапаның емдік қасиеттері туралы қызықты
деректер келтірді. Сондай-ақ шипажайда көп жыл еңбек етіп, көптің құрметіне
бөленген жандар туралы айтты.
Еңбек ардагерлері Галина Михайловна Фейлер мен Нина Тимофеевна Герстенлауэр
шипажайда істеген көп жыл ішінде кездескен қиындықтарды қалай жеңгенін, ауылдың
өткен өмірі мен бүгінгі дамыған бейнесі арасындағы айырмашылықтар,
адамгершіліктің жақсы үлгісін көрсеткен әріптестері туралы әсерлі әңгімеледі.
Шараға 8 адам қатысты.