«Туған өлкенің әншісі»

21 қараша күні №3 көпшілік кітапханасында Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, халық әншісі Суат Әбусейітовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Туған өлкенің әншісі» атты ақпарат күні өтті. Әнші 1929 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданының Қызылтау өңірінде дүниеге келген. 40 жылдан астам еңбек жолында қазақ радиосының алтын қорына екі жарым мыңдай ән, романс, ариялар жазып қалдырды. 1957 жылы Мәскеуде өткен Жастар мен студенттердің Бүкілодақтық фестивальінде халық әндерін үздік орындағаны үшін І дәрежелі диплом алып, фестиваль лауреаты атанды. Көптеген шет елдерде концерттік сапармен өнер көрсетіп, қазақ әндерінің әуезділігін өзге жұрттардың тыңдаушыларына жеткізе білді. Оқушылар әншінің өмірбаянымен, әндерімен танысты. Шараға №31 мектептің оқушылары қатысты.

Комментарии запрещены.