14 қараша күні №3 сағат 12-де көпшілік кітапханасында Атамекен кентінің 110 жыл толуына орай, «Менің өлкем – Қазақстанның бөлшегі» мақсатты бағдарлама аясында «Туған өлке – тұнған тарих» өлкетану сағаты өтті. Шара Иса Байзақов атындағы облыстық филармония әншісі Серік Рыспектің орындауында Аян Сейтовтың «Ауылым» әнімен ашылып, Павлодар қаласының Құрметті азаматы, Атамекен кентінің ақсақалы Карибаев Ибрай Зекенович кент тарихынан сыр шертті. Біздің жерлесіміз, шығармашыл тұлға Алтынова Светлана Дмитриевна өз шығармашылы туралы айтып берді. Атамекен кентіндегі №33 мектептің 10 А сынып оқушысы Мұқан Самира туған ауылдың тарихы, табиғаты, экологиялық проблемалары туралы зерттеу жұмыстарын жүргізудегі өз жұмысын ұсынды. «Туған жерім – алтын бесік» кітап көрмесіне шолу жасалды.