12 шілде күні №2 балалар кітапханасында №42 мектептің жазғы лагерінің 30 оқушысына арналып «Тісің болсын маржандай» денсаулық сағаты өткізілді.
Мақсаты:
— жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын ұйымдастыру;
— салауатты өмір салтын насихаттау; тіс құрамымен таныстыру, тісті күтуге үйрету, тіс ауруларынан сақтандыру, оқушыларды гигиенаға дағдылан-дырып, өз денсаулығын күтуге бейімдеу.
«Павлодар облысының стоматологиялық емханасының» тіс дәрігері Нөке Рустам Қожабекұлы балаларға кариестің профилактикасы, көпшілік жақсы көретін чипсалар мен жүгері таяқшаларының тіске зияны жөнінде қызықты да түсінікті түрде әңгімеледі. Чипсаның қалай тез жанатынын, жүгері таяқшалары ауызда тез еріп тіске жабысатынын нақты көрсетті. Тісті дұрыс тазалауға үйретіп, тіс щеткасын дұрыс ұстау, қаншама тіс пастасы керек екенін, күніне неше рет тісті тазалау қажеттігін айтты. Соңынан балалар жасанды ауыз қуысында естіп білгендерін жасап көрсетті. Балалар бүгін білгендерін дұрыс қолданып, барлық гигиеналық амалды, оның ішінде ауыз қуысын күтуді дұрыс жасауға тырысатындарын айтты.