«Тілдің мерейі-елдің мерейі» ақпарат күні

«Тілдің мерейі-елдің мерейі» ақпарат күні

4 қыркүйек  күні № 8 кітапхана ұжымы ПТТиК колледжінің студенттері үшін Қазақстан халқының тілдер күніне арналған «Тілдің мерейі-елдің мерейі» атты ақпарат күнін өткізді.

Іс-шараның басында Темірғалиева Рысты Жарылғапқызы сұхбатында Қазақстанның тілдік ортасының алуан түрлілігін атап өтті, мемлекеттік тіл қазақ тілі бола тұра, әрбір диаспора ана тілін үйренуге және сөйлесуге еркі бар. Қазақстан Республикасындағы тілдік саясаттың төрт кезеңін атап өтті; 1997 жылы  қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң жайында  мәліметтерді толығырақ айтып берді,  «ҚР-дағы тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының» мақсаттары мен жолдарын жүзеге асыру туралы; «Тілге құрмет – елге құрмет» тақырыбына шолу жасады. Шолу жүргізу үшін мемлекеттік тілді, сондай-ақ ағылшын, неміс және басқа тілдерде үйренуге арналған оқу құралдары іріктеліп  ұсынылды; қазақша-орысша-ағылшынша сөздіктер, «Қазақстан халықтарының» энциклопедиялық анықтамалығы, онда Қазақстандағы барлық халықтар туралы, олардың дәстүрлері, тілі, сенімі, Қазақстанға қоныс аудару тарихы туралы толық ақпарат баяндалады. Студенттер үшін «Мәтелдер сәйкестігі» атты қазақ тілін меңгерудегі білімін тексеріп конкурс өткізді, онда қазақ тіліндегі мақал орыс тіліне аударылды.

Студенттер тапсырмаларды жақсы орындап, мемлекеттік тілді жақсы меңгергенін көрсетті. Іс-шара соңында «Қазақстан — бірлік пен татулық тірегі» тақырыбында слайд-тұсаукесер көрсетілді. Қатысқандар 30 адам. ПТТиК колледжінің 2 курс студенттері.

Комментарии запрещены.