2 қыркүйекте Д.Әбілев атындағы көпшілік кітапханада Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы мен Тілдер күніне орай «Тіл білімінің ұстазы» атты әдеби кеш өтті. Кеш мақсаты – қазақ тіл білімінің негізін салушы, ұлттық мәдениет пен әдебиет бастауында тұрған рухани көшбасшымыздың сан қырлы бейнесінің рөлі мен маңызын таныстыру, ой толғау. Шараға еңбек ардагерлері — Бектеміров Рашид Бектемірұлы, Жұматов Ермек Сағымбайұлы және «Ардагерлер тағылымы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, асыл әжелеріміз қатысып, керемет ойларымен бөлісті. Кеш барысында А.Байтұрсыновтың өмір жолы туралы мәлімет беріліп, қысқаша баяндама жасалды. Ақын халықты кітап оқуға, имандылық, мәдениеттілікке шақырды. Қазақтың тұңғыш әліпбиі, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі мен этимологиясы, әдебиет теориясы мен мәдениет тарихы туралы ой толғап, жазған Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары шарада, оқырмандар арасында кеңінен насихатталды. Ғалымның еңбегі арқылы қазақ әдебиеті биік деңгейге жетіп, негізі қаланды. Шарада қатысушылар ақынның өлеңдерін оқып, қызықты пікірталас болды. Кітапханашылармен кітап көрмесі ұйымдастырылды.