4 қыркүйекте № 3 балалар кітапханасының кітапханашысы Жакиянова Райхан Жаужүрековқызы психоневрологиялық мүмкіндігі шектеулі балаларға «Тіл әлемі — адамдар әлемі» атты ақпарат күнін өткізді. Мақсаты: балаларды Қазақстан халықтарының тілдер күні мерекесімен таныстыру.
Жетекші кітапханашы Райхан Жаужүрекқызы Жакиянованың айтуынша, бұл мереке «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне орайластырылған. Балалар бұл күнді біздің елде неліктен атап өтетінін және оның өмірінде ана тілі қандай рөл атқаратындығын білді.
Балалар біздің елімізде қандай ұлт өкілдері тұрып жатқанын білді. «Қазақстан халықтары» энциклопедиясымен танысты. Балаларға «ҚР Тілдер туралы негізгі заң актілерінен» баптар оқылды. «Бұл қызық» қызықты ақпаратта балалар жер бетінде қанша тіл бар, қандай тіл көп тарағаны, көптеген тілдерді білетін және сөйлейтін адамдардың есімдері жайлы білді. Ары қарай балалар әртүрлі тапсырмаларды орындады. Өздері туралы баяндап, сұрақтарға жауап берді. 2,3,4, таңбалы сандарды қазақша айтты. Суреттегі үй жануарлары мен құстарды үш тілде атады. Қазақ, орыс, беларус, украин тілдеріндегі жұмбақтарды шешті. Балалар апта күндерін, ай аттарын қазақша атап, «Ұйқас ойынына» қатысты. Шара «Бұл сөздің мағынасын тап» ойынымен аяқталды /этимологиялық сөздік бойынша/ . Қатысқандар 14 бала.