«Терең ойлы, өткір сезімді ақын»

Көрнекті жазушы, ақын және қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай 15 сәуір күні №3 көпшілік кітапханада «Терең ойлы, өткір сезімді ақын» атты портреттік кеш өтті. Іс-шараның мақсаты: С.Мұқанов шығармашылығына деген қызығушылықты ояту, мәдени және әдеби құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеу, ұлтжандылық сезімін қалыптастыру, көрнекті жерлестеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру. Оқырмандар қаламгердің өмір жолы, әдеби мұрасы және ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан үлесімен танысты. Шарада жазушының шығармаларынан үзінділер оқылып, замандастарының естеліктері мен қызықты деректер ұсынылды.

Комментарии запрещены.