15 қараша күні «Arcus» даму орталығының «Альрами» клуб үйінің мүшелері үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне арналған «Теңгенің туған күні» ақпараттық-дайджесті өткізілді. Іс-шара «Ақша» мультфильмін және «Жаса Қазақстан» бейнеклипін көруден басталды. Бұдан әрі кітапханашы Қазақстан Республикасында өз валютасының пайда болу тарихы туралы; 15 қарашаның ұлттық валюта күні болып, елде ұлттық валюта ретінде берік нығайғаны туралы айтып берді. «ҚР Ұлттық валюта күні», «Теңге-ғасырлар тереңінен» слайд – презентацияларын, «Қазақстанда ақша қалай жасалады» және «Қазақстанның жаңа банкноттары» бейнероликтерін қарау кітапханашының сөздерін толықтырды. Іс — шара соңында қатысушылар «Теңге білгірі» виртуалды викторинасында өз білімдерін тексеріп, «Фиксики» сериясынан «Заттар тарихы-ақша» мультфильмін көре алды.