«Театр — өмірдің боямсыз келбеті»

Бүгін кітапхана оқырмандары үшін «Театр-өмірдің боямсыз келбеті» атты өнер сағаты өтті. Шара актер, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 1959-1970 жылдары А.П. Чехов атындағы драма театрын басқарған, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, биыл Павлодар өңірімізде 100 жылдық мерейтойы аталып өтілетін Владимир Иванович Ермаковқа арналды. Іс-шара барысында оқырмандар Владимир Ивановичтің өмірбаянымен таныстырылды, спектакльдерден фотосуреттер мен слайдтар көрсетілді, Облыстық мерзімді басылымдар «Звезда Прииртышья», «Новое время», «Местное время» газет мақалаларынан шолу жасалды. Шара соңында Наум Шафердің «Местное время» авторлық телебағдарламасынан үзінділер көрсетілді, онда автор Ермаковпен кездесулері туралы әңгімелейді.

 

 

 

Комментарии запрещены.